5 Желтоқсан 2018

«BILIM FM МЕКТЕП РАДИОСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

Облыстық білім басқармасы 20 қараша – 10 желтоқсан аралығында «BILIM FM мектеп радиосы» облыстық байқауының ІІ кезеңі өтетіндігін хабарлайды. 
Облыстық байқаудың қорытынды кезеңі облыстық білім басқармасының YouTube каналына жүктелген 17 мектеп радиосының бейнероликтеріне электронды дауыс беру арқылы өтеді.
Байқаудың мақсаты – туған өлкенің тарихи, оқушылардың мәдени құндылықтарын арттыруға және белсенді өмірге тәрбиелеуге бағытталған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстың 221 мектептерінде «BILIM FM мектеп радиосы» бірегей жобасы іске қосылған болатын. Мектеп радиоларында «Жаңа күн», «Туған өлке», «Сен білесің бе?» бағдарламалары жұмыс істейді.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 13 желтоқсан күні Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында өтеді.