20 Наурыз 2020

«OQY, TAP» ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ

Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Oqy, tap» облыстық онлайн байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың көркем шығармаларды оқу арқылы рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Байқау  қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз атанады. Байқау жеңімпаздары дипломдар, алғысхаттармен марапатталады.