7 Ақпан 2019

«TIMSS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

7 ақпан күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  zhambul_obl_metod бөлмесінде Халықаралық«TIMSS-2019» зерттеуіне дайындық жұмыстары бойынша облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық іс-шараға зерттеуге қатысатын 17 білім мекемелерінің мектеп үйлестірушілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен математика-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері, барлығы 150 педагогқатысты. Семинар барысында TIMSS зерттеуіне дайындық жұмыстары мен 4, 8 сыныптарға арналған тест тапсырмаларын шешудің тиімдіжолдары мен ерекшеліктері бойынша материалдар ұсынылды, есептерді шығару тәсілдері көрсетілді.